2023 жылғы 6-8 қараша аралығында «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы өткізілді.
Астрономиялық олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты: еліміздің ғалымдары мен ғарышкер батырларының өнегелі істерін насихаттау; сондай-ақ оқушылардың астрономия, физика, космонавтика ғылымдарына деген қызығушылықтарын арттыру; халықаралық олимпиадаларға және астротурнирлерге қатысуға дайындау.
Ақтөбе облыстық планетарийі олимпиаданы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Республикалық астрономиялық олимпиадаға еліміздің 10 облыстан 60-қа жуық жас астрономдар қатысты: Астана, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Талдықорған, Маңғыстау. Олимпиада барысында қатысушылар астрономия, астрофизика пәндері бойынша тапсырмаларды орындап, мектеп бағдарламасынан тыс терең білімдерін көрсетті. Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алтын, күміс, қола медальдармен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Қатысушылардың білімін кәсіби астрономдардан құралған қазылар алқасы бағалады:
Н.Н.Жантурина – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Рhd докторы, қауымдастырылған профессоры.
А.Жумагулов, Л. Актай – В. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкерлері (Алматы қ.);
А.К.Тасқалиев – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ физика кафедрасының аға оқытушысы. Олимпиаданың қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздарын анықтап, жүлделі орындарды анықтады.
Жалпы астрономия олимпиадасы 2009 жылдан бастап қалалық, кейін облыстық деңгейлерде өткізіліп, 2022 жылдан бастап республикалық көлемде өткізілуде. Болашақта халықаралық олимпиада өткізу жоспарда бар.
Олимпиадада Астана, Павлодар, Тараз, Түркістан, Ақтөбе қалаларының қатысушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша төмендегі оқушылар оза шапты: Түктібай Ермұхамед (Астана қ.); Бақыт Алинур (Тараз қ.); Титков Дмитрий (Павлодар қ.); Берден Нурсултан ( Астана қ. ); Хохлова Камила, Урдабаева Дильназ (Ақтөбе қ.). Астрономиялық олимпиадаға жиналған жас астрономдар болашақта еліміздің көрнекті ғалымдарының ізін басатыны сөзсіз.
Олимпиада бағдарламасы бойынша қатысушылар мен жетекшілері үшін қаламыздың көрікті жерлеріне экскурсия және жерлесіміз батыр – ғарышкер В. И. Пацаевтың, Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою ұйымдастырылды.
Олимпиаданың қорытындысы:
І место.
1.Түктібай Ермұхамед – Астана.
ІІ место.
1.Наметулла Ахметжан – Түркістан.
ІІІ место.