Облыстық планетарий 6 -12 сәуір аралығында Халықаралық Адамзаттың ғарышқа ұшу күніне және Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер, жерлесіміз В.И.Пацаевтың 90 – жылдық мерейтойына арналған «Ғарышты бағындырған – Янтарь-3» космонавтика апталығын өткізді.
Апталықты өткізу мақсаты: ғарыш тарихы, біздің елімізде ғарыш саласының дамуы, өскелең ұрпақтың туған өлкесінің батыр-ғарышкерлері туралы білімді қалыптастыруға ықпал ету, жастар арасында патриоттық тәрбие беру.
Космонавтика апталығы 6 сәуірде жерлесіміз, ғарышкер В.Пацаевқа арналған «Ғарышты бағындырған – Янтарь-3» тақырыптық іс-шарасымен және «Батыр-ғарышкер В. И. Пацаев» экспозициясымен ашылды. Сондай-ақ, фойеде ғарышкерлердің орбитада қалай өмір сүретіні және қалай жұмыс істейтіндігі туралы «Орбитадағы ғарышкер» көрмесі, «Қызықты Ғарыш» тақырыбында ғарыштық сенбі демалыс күннің танымдық бағдарламалары, балаларға арналған «Көпұлтты ғарыш айлағы» және «Ғарыштық пикник» тақырыптарында балалар суреттерінің инстаграм – конкурсы ұйымдастырылды.
Космонавтика апталығы аясында оқушылар мен қала тұрғындары космонавтикаға арналған «Қазақстандық Ғарышкерлер», «Балаларға арналған космонавтика», «Ғарыш дәуірінің тарихы», «Колумб Вселенной» т.б. дәрістерді тамашалай алды.
12 сәуір күні дәстүрлі түрде ғарышкерлер апталығы батыр-ғарышкер Виктор Пацаевтың ескерткіші алаңында мерекелік іс-шарамен аяқталды. Шараға Т. Ж. Бигелдинов ат. ӘКҚ Әскери институтының, В. Пацаев ат. жас ұшқыштар мектебінің басшылығы мен курсанттары, ардагерлер мен зиялы қауым, В.Пацаев ат. № 2 Алға орта мектебінің басшылығы мен оқушылары, қала мектептерінің оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.