Облыстық планетарий 2022 жылғы 24-27 қазан аралығында қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған оқушылардың І Республикалық астрономиялық олимпиадасын өткізді.
2021 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын 2022 жылы атап өтілетін Халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, сондай-ақ өз Жолдауында сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті - деп атап өткендей, еліміздің болашағы жастарды ғылымды игеруге тәрбиелеу керек екенін атап өтті.
Сондықтан, астрономиялық олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты: туған елдің көрнекті тарихи тұлғалары мен ғалымдарын, ғарышкер батырларының есімдерін насихаттау; сондай-ақ оқушылардың астрономия, физика, космонавтика ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру; ғылымды меңгеруге тәрбиелеу; республикалық және халықаралық олимпиадаларға және астротурнирге қатысуға дайындау.
Ақтөбе облыстық планетарийі олимпиаданы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
І республикалық астрономиялық олимпиаданың салтанатты ашылуы 25 қазан күні сағат 10.00-де қалалық Оқушылар сарайында өтті.
Республикалық астрономиялық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 7-9 класс оқушылары шақырылды. Астана, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Орал, Қостанай, Атырау, Талдықорған қалаларынан барлығы 60-қа жуық оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар астрономия және астрофизика пәндері бойынша тапсырмаларды орындады.
Балалардың білімін бағалаған олимпиаданың қазылар алқасы Кәсіби астрономдардан, ЖОО оқытушыларынан тұрады:
Н.Бейсен - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-техника факультетінің деканы.(Алматы қ.);
В.Ю Ким - В.Г.Фесенков атындағы Алматы Астрофизика институтының жұлдыздар физикасы мен тұмандықтар зертханасының аға ғылыми қызметкері. (Алматы қ.);
А.К.Тасқалиев – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ физика кафедрасының аға оқытушысы. Олимпиаданың қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздарын анықтап, жүлделі орындарды анықтады.
27 қазан күні олимпиаданың салтанатты жабылу және марапаттау рәсімі шығармашылық академиясында өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алтын, күміс және қола медальдармен, олардың жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталады.
Сонымен қатар, екі номинация бойынша «Ең жас қатысушы» және «Ең мықты команда» павлодар командасының оқушысы және Павлодар командасы марапатталды.
Олимпиада бағдарламасы бойынша қатысушылар мен жетекшілері үшін Т. Бигелдинов атындағы ӘҚК әскери институтына, облыстық тарихи - өлкетану мұражайына экскурсия және жерлесіміз батыр - ғарышкер В. И. Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою ұйымдастырылды.
ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
Духтурбаев Елхан Ерланович 7 кл – Павлодар қ. – I орын
Павлов Юрий Витальевич 8 кл – Астана қ. – I орын
Барлыбаев Нұрасыл 9 кл – Атырау қ. – I орын
Шәріпхан Ерболат – 7 кл – Павлодар қ. – II орын
Мендигалиева Диляра – 8 кл – Атырау қ. – II орын
Фролова Виолетта – 9 кл – Қостанай қ. – II орын
Қармыс Санджар – 9 кл – Ақтөбе қ. «Физика-математика мектебі» – II орын
Әуесбек Іңкар 7 кл – Жамбыл обл. – III орын
Убайдулаев Амир – 7 кл – Ақтөбе қ. «Үркер» үйірмесі – III орын
Тулпарбеков Акдил – 8 кл – Қостанай қ. – III орын
Ким Даниил 8 кл – Павлодар қ. – III орын
Гамран Рауан – 8 кл – Ақтөбе қ. №9 мектеп-гимназиясы – III орын
Тлектес Саяна – 8 кл – Қостанай қ. – III орын
Галимжанов Адильжан – 8 кл – Ақтөбе қ. №9 мектеп-гимназиясы – III орын
Қаратай Диас – 9кл – Павлодар қ. – III орын
Сафин Ильнур – 9 кл – Ақтөбе қ. №23 мектеп-гимназиясы – III орын
Хохлова Камила – 9 кл – Ақтөбе қ. №9 – Ақтөбе қ. «Үркер» үйірмесі – III оры