24-27 қазан 2022 ж.
МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарийі»
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқушылардың
І-ші Республикалық астрономиялық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын ғылымға баулу, астрономия, физика, космонавтика ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру,туған жер мен еліміздің ғалымдарын, ғарышкер батырларының есімдерін насихаттау.
Олимпиадаға қатысуға 7, 8, 9 сынып оқушылары (республиканың әр өңірінен барлығы 5 адам: 4 оқушы, 1 жетекші) шақырылады.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2022 жылдың 10 қазанына дейін МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарийі» электрондық поштасына aktobeplanet@mail.ru жіберу қажет.Ресми сайт: www.aktobe-planet.kz (Яндекс). Байланыс телефоны: 8 705-478-86-46. Өтінім үлгісі шақыруға қоса тіркеледі.
Жетекшіде: бұйрық және өтінім, жеке басын куәландыратын құжаттар (сканерленген көшірмелер), балалардың эпидемиологиялық орта туралы анықтамалары болуы қажет.
Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге қажетті шығындарды жататын жері мен тамақтануы (келу-кету жолақысын қоспағанда) МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарийі» қаражаты есебінен төленеді.
Қосымша №1. Өтінім үлгісі.
Қосымша №2. Олимпиада ережесі.
Ресми сайт: www.aktobe-planeta.kz
Электрондық пошта: aktobeplanet@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (7132) 211 322, 404 214, 8 705-478-86-46, 8 707 327 5671.
Қосымша №1.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқушылардың І-ші Республикалық олимпиадасына қатысуға
Өтінім
Өтінім берілген уақыты.
Өтінімде білім беру мекемесінің, ұйымның қолы мен мөрі болуы тиіс.
Қосымша №2.
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқушылардың
І-ші Республикалық астрономиялық олимпиада
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы бөлім
«Ақтөбе облыстық планетарийі» МКҚК дарынды оқушыларды анықтау, ғылымға баулу, жаратылыстану білімдерін насихаттау, астрономия ғылымына қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп оқушылары арасында Республикалық астрономиялық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.Олимпиада зияткерлік сайыс мәртебесіне ие.
Олимпиада «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қолдауымен, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММбірлесе отырып өткізіледі.
ІІ. Олимпиаданың міндеттері мен мақсаттары
ІІІ. Олимпиада қатысушылары
Олимпиадаға 7, 8, 9 сынып оқушылары (республиканың әр өңірінен барлығы 5 адам: 4 оқушы, 1 жетекші) қатысады. Әр аймақтың командасы 7-8-9 сынып оқушыларынан ерікті түрде құрылуы мүмкін. Топ жетекшілері астрофизикалық білім беру саласындағы маман болуы тиіс және пойыздарда мектеп оқушыларының топтарын алып жүру тәжірибесі болуы керек.
ІV. Олимпиада ұйымдастырушылары
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетін МКҚК«Ақтөбе облыстық планетарийі» құрады.
Олимпиада теориялық бір турдан тұрады. Олимпиадаға қатысушылар өздері оқитын сыныптарына сәйкес келетін жас ерекшелігіне қарай қатыса алады.
Қатысушыларға астрономия, ғарыштық физика және космонавтика ғылымдары бойынша тапсырмаларды орындау үшін салыстырмалы тұрғыда мектеп бағдарламасының стандартынан тыс (тиісті сынып) тереңдетілген білім қажет болуы мүмкін.
Олимпиада қатысушыларына астрономия, космонавтика және ғарыш физикасы бойынша тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топқа бес тапсырмадан беріледі. Әрбір қатысушы олимпиада тапсырмаларын орындау үшін мемлекеттік қазақ немесе орыс тілдерін таңдай алады.
Қатысушылар тапсырмаларды таза парақ-бланктерде орындайды (А4 форматы). Суреттер мен сызбалар сызғыш және қарындаштың көмегімен мұқият орындалуы керек. Дайын жауапты жазу кезінде келесі талаптар сақталуы қажет: тапсырманың нөмірі көрсетіледі, содан кейін оның жауабы жазылады. Жауаптары бар парақтарға қатысушының аты-жөні жазылмайды, тексеру кезінде қатысушының жұмысы жасырын қалады. Қатысушылардың орындалған жұмыстары коды бар арнайы конверттерге салынады. Турды өткізудің соңғы қорытындылары шығарылғанға дейін кодпен жасырылған оқушылардың аты-жөндері жария етілмейді.
Турды өткізу кезінде қатысушыларға байланыс құралдарын, сондай-ақ қазылар алқасының рұқсатымен қолдануға болатын құралдардан басқа кез келген анықтамалық материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Қазылар алқасы тапсырмалардың мазмұны бойынша қатысушыларға қосымша анықтамалық деректер ұсынуға құқылы. Барлық топүшін турдың ұзақтығы-4 сағат.
VІ. Олимпиаданы өткізу мерзімі
Олимпиада жыл сайын қазан айында өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті алдын ала облыстық білім басқармаларына шақырту жібереді, онда олимпиадаға қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен мерзімі көрсетіледі. Ұйымдастыру комитеті командаларды олимпиаданы өткізу бағдарламасымен хабардар етеді (өткізу күнінен 15 күн бұрын).
VIІ. Олимпиаданың қазылар алқасы
Олимпиаданың қазылар алқасы кәсіби астрономдар мен астрофизиктерден, ЖОО оқытушыларынан, планетарийдің ғылыми қызметкерлерінен тұрады. Қазылар алқасы олимпиада тапсырмаларын дайындайды. Тапсырмалардың күрделілігі олимпиадаға қатысушылардың жас деңгейіне байланысты қарастырылады.Берілетін тапсырмаларды, шешімдерінақтыбілім деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін қажет ететіндей таңдаған жөн. Қазылар алқасы дипломдардың санын және олардың жас ерекшеліктері бойынша бөлінуін анықтайды.
VIІI. Апелляция
Олимпиада нәтижелерінің апелляциясы Олимпиаданың жабылу рәсіміне дейін өтеді.
ІХ. Жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиаданың қорытындылары бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін диплом, жетекшілеріне алғыс хаттар және естелік сыйлықтар беріледі. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың қазылар алқасыкөзге түскен оқушыларды қосымша сертификаттармен марапаттауға құқылы.
Х. Олимпиаданы қаржыландыру
Олимпиаданы қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Олимпиаданы ұйымдастыружәне өткізуге қажетті шығындары, оның ішінде басқа қаладан келген қатысушылардың жататын жері мен тамақтануы (келу-кету жолақысы кірмейді)МКҚК «Облыстық планетарий» қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ХІ. Олимпиаданың негізгі қағидаларын өзгерту
Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын түзету және нақтылау, осы ережені өзгерту арқылы жүзеге асырылады.