17 шілдеден 24 тамызға дейін ең танымал метеор ағыны – Персеидтер байқалады. Персеид өз атауын Персей шоқжұлдызына байланысты алған, өйткені оның радианты дәл осы шоқжұлдызда. Метеорлық ағын кометаның шаң құйрығын құрайтын көптеген метеорлардың көмегімен жасалады. Шаңның ұсақ бөлшектері үлкен жылдамдықпен ұшып, ғаламшарымыздың атмосферасында жанып кетеді. Дәл осы жыпылықтаулар мен жолақтарды көпшілік «жұлдызды жаңбыр» немесе «ақпа жұлдыздар» деп атайды.
Персеид жұлдыздар ағыны 1862 жылы американдық астрономдар Льюис Свифт пен Хорас Таттл ашқан Свифт-Таттл кометасы мен Жердің тұспа-тұс келуінің әсерінен пайда болады. Кометаның Күн айналасындағы толық айналымы 135 жыл.
Ағындардың белсенділігі 17 шілдеден 24 тамыз аралығында, соның ішінде шарықтау шегі12, 13 және 14 тамызға қараған түндерде болады.
Бұл түндерде жұлдызды аспанның бақылаушылары сағатына 80-100 метеоритті көре алады.
Персеид жұлдыздар ағынын бақылау үшін қала сыртына, жасанды жарықтардан алыс жерге барған дұрыс. Ол үшін сізге телескоп немесе бинокль қажет емес. Өйткені, метеорлар жай көзге анық көрінеді. Тек бұлтсыз ашық аспан жеткілікті. Баршаңызға жақсы бақылаулар тілейміз.