
Планетарий базасы бірнеше телескоптармен жабдықталған, олардың көмегімен біздің аймақта көрінетін астрономиялық құбылыстарға, мысалы, Күн мен Айдың тұтылуы, аспан объектілері - Ай және ғаламшарларға бақылау жүргізіледі.
Телескоппен бақылау ұйымдастырылған топтар үшін де, жеке тапсырыстар бойынша да жүргізіледі.
Бақылау ұзақтығы 30-50 минут немесе егер бақылау қала сыртына шығып жүргізілсе 1,5 - 2 сағат.
Бақылауға тапсырыс берген кезде ауа райы болжамы, бақыланатын аспан объектілері, уақыты мен құны планетарий қызметкерлерімен алдын ала нақтыланады. Телескоппен бақылауға тапсырыстар 8 (7132) 211-322, 404-214 телефондары арқылы қабылданады.