


Облыстық планетарийде 2012 жылдың мамыр айынан бастап "Оңтайлы сандық планетарий" өз жұмысын бастады. Үрлемелі оңтайлы сандық планетарий толық күмбезді бағдарламаларды көрсетуге мүмкіндік береді. Күмбез ішінде толық проекцияланған танымдық және ғылыми бағдарламалар көрсетіледі. Сандық бейне күмбездің барлық ішкі бетін толтырып, керемет әсер береді.
ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР!
Біздің оңтайлы планетарийді мектепке немесе балабақшаға шақырыңыз және ғарыш кеңістігіне ұмытылмастай саяхат жасаңыздар!
Толық күмбезді бағдарламалар:
«Қос әйнек немесе ғажайып телескоп»(10-15 жастағы балалар үшін)
«Балаларға арналған астрономия»
(6-12 жас)
«Тіршілігі қайталанбас ғаламшар»
(6-15 жас)
Оңтайлы үрлемелі планетарийдің аумағы шамамен 25 шаршы метр (диаметрі 5 метр) және күмбездің биіктігі 3 метр. Бір сеанс сыйымдылығы 15-25 адам (жас санатына байланысты). Бағдарламалардың ұзақтығы 25-30 мин.