ЖҰЛДЫЗДЫ БӨЛМЕ

Сірә, адам санасы оянған күннен бастап,

аспан күмбезі өз әдемілігімен, ұлылығымен оны таңқалдырып,

көңілін тұтасымен билеп алған болар.

Камиль Фламмарион

 

Планетарийдің жұлдызды бөлмесі.

Планетарийдің жұлдызды бөлмесінде балаларға арналған дәрістер, танымдық және оқу дәрістері өткізіледі. Барлық дәрістер барысында жұлдызды аспан әлемі мен басқа да табиғаттың тамаша құбылыстары көрсетіледі. Жұлдызды бөлме сыйымдылығы 50 адам.

Жұлдызды бөлменің жұмыс уақыты:

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 13.30. Соңғы сеанс сағат 16.30-да қабылданады.

Сенбі күні: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін. Сеанстар уақыты: сағат 10.30, сағат 11.30, сағат 12.30, сағат 13.30, сағат 14.30.

Жексенбі күні: демалыс.

Сізге  ыңғайлы болу үшін алдын ала ұйымдастырылған топтарға дәріске өтінім беруге немесе жеке дәріске тапсырыс беруге болады.  Ұйымдасқан топ жағдайында, егер топ саны кемінде 20 адам болса, бір жетекшіге кіру тегін болады.

Жұлдызды бөлмеге кіру билеттерінің құны:

Ұйымдасқан топтар үшін (кемінде 20 адам):

Оқушылар - 200 тг. (балалар билеті 4 жастан бастап)

Студенттер - 250 тг.

Ересектер - 400 тг.

Жеке тапсырыс беру (5 адамнан кем болмау керек) - 2 000 тг.

Жұлдызды бөлмедегі толық күмбезді бағдарламалардың құны:

Ұйымдасқан топтар үшін (кемінде 20 адам):

Балалар (4 жастан бастап) – 500 тг.

Ересектер (15 жастан бастап) – 700 тг.

Жеке тапсырыс беру (5 адамнан кем болмау керек) - 3 000 тг.

 

Планетарийге келуге және билеттер бағасын анықтау үшін  алдын-ала тапсырыстар мына телефон арқылы қабылданады: 8 (7132) 211-322, 404-214, 8 747 241 7605.